Тергеу судьясымен күдіктіге екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясы берілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотының тергеу судьясымен күдікті Д.С.-ға бұлтартпау шарасы ретінде 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау»  санкциясын беру  туралы өтініш қаралды.

Отыз жастағы күдіктінің нәзік жанды әйел адамға күш қолданып, қорқытып, өлтіру қатерін төндірумен ұласқан іс әрекеті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 120 бабының 2 бөлігінің 2) тармағымен сараланған.

Тергеу судьясының қаулысымен аға тергеушінің өтініші қанағаттандырылып, күдікті Д.С.-ға бұлтартпау шарасына 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» санкциясы берілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі