Тәрбие ата-анадан бастау алуы тиіс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттің аса маңызды аспектісі болып табылады. Осы тұрғыда, мемлекетімізде кәмелетке толмағандардың арасындағы әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған біршама игі іс-шаралар жүргізілуде. Бірақ, оқу орындарында, басқада арнайы өткізілген шараларда түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандарына қарамалмастан, кәмелетке толмағандар арасындағы олардың алкогольдік ішімдіктерін ішуі, заңды өкілінің еріп жүруінсіз түнгі уақыттарда үй жайларынан тыс жерлерде және ойын-сауық орындарда жүруі секілді әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау деректері азаяр емес.
Осы бағытта, құзырлы органдармен жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған насихаттау жұмыстары, тек жас өспірімдердің арасында ғана жүргізіліп қоймай, олардың ата-аналары мен басқа заңды өкілдерінің арасында да жүргізілгені абзал.
Себебі, кейбір ата-аналар немесе заңды өкілдері кәмелетке толмаған балаларының түнгі сағат 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін өздерінің ерітіп жүруінсіз көшеде немесе ойын-сауық орындарда жүруіне болмайтынын білмейтін жағдайларда кездесіп жатады. Алайда, олардың түнгі уақытта ата-анасыз үй жайдан тыс жерде жүру және алкогольдік ішімдікке мас болғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта өздігімен қоғамдық орындарда ата-аналарынсыз жүруі, сонымен қатар, сол уақытта олардың алкогольдік ішімдіктерге мас болып жүруінің өзі қандайда бір олармен қылмыс жасаудың алды болып табылады. Бірақ, балаларының бұндай әркеттер жасауы ата-аналарды алаңдатпауда, керісінше балаларын жақтайтындарда кездеседі.
 Кейбір ата-аналар өздерінің материалдық жағдайының нашар болуына байланысты өзінің кәмелетке толмаған балаларын ойын-сауық орындарына даяшы (официант) ретінде жұмыс орналастырып қояды. 
Алайда, 16-17 жас аралығындағы баланың түнімен кафе-барларда, түнгі клубтарда және мейрамханаларда жұмыс істеуі оның дене бітімінің, психологиялық қалыпты дамуына және орта білім алуынада кері әсерін тигізеді. 
Әрбір ата-ана өзінің мүмкіндігінше балаларының түнгі уақытта үйде отыруына және балалардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалану құштарлығын аластауға бағытталған тәрбиелік маңызы бар әрекетті саналы түрде жасаса, қоғамда орын алып жатқан кәмелетке толмаған балалар арасындағы қылмыстың және жеткіншектерге арналған түрмедегі балалардыңда санының кемуіне әкеп соғатыны сөзсіз.
Сондықтан, жеткіншектердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы насихаттау жұмыстарын олардың ата-аналарының арасында жүргізуде әлдеқайда тиімді болып, оң нәтижесін береді деген сенімдемін. 
 
Атырау облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
ауданаралық сотының судьясы                                                                                                                                  Б.Қ.Идирисов