Үйден еріксіз шығару туралы дау кәсіби медиатордың қатысуымен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық соты медиация институтын дамыту үшін мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Медиация институтын енгізу жақсы нәтиже көрсетті. Медиатордың көмегімен сот даулары  бойынша шешімін тапқан істердің саны көбейіп, оң нәтижесін көрсетуде.

Мысалы,  талап  қоюшы Э.-нің жауапкер Г.-ға үй-жайды пайдалану  меншік құқығын жоюды тану, бұрынғы иесін үйден шығару туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралып, екі тарапты татуластыруды кәсіпқой медиатор өз міндетіне  алды.

Кәсіпқой медиатор Г.Туремуратова «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талабына сәйкес медиация рәсімін өткізіп, тараптардың келісімге келуіне қол жеткізіп, дауды реттеу туралы келісім жасап, келісім сотқа ұсынылды.                                                                            

Осының негізінде жоғарыда аталған іс өндірістен қысқартылды.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі