Ювеналды сотта «Медиация туралы» Заңды насихаттау жалғасуда.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Медиация туралы» Заңды насихаттау және қолдану бойынша қарқынды жұмыс жасалуды жалғастыруда.

Осы аптада сот төрағасы судья Б. Жумабаевтың төрағалық етуімен  балаларымен кездесу уақытын анықтау туралы дау тараптардың сот медиациялық келісімімен аяқталса,  судья Н.Искакованың төрелік етуімен қаралған алимент мөлшерін азайту жөніндегі азаматтық іс кәсиби медиатордың  қатысуымен, тараптардың өзара медиациялық келісімімен аяқталды. 

Осылайша, бүгінгі күнге дейін сот өндірісіне қаралған 160 істің    дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен 56, оның ішінде  кәсиби медиатордың қатысуымен-13, сот медиациясымен 43 іс аяқталып отыр.

Дауды татуластыру рәсімдерімен аяқтау тараптарды соттағы әуре-сарсаңның алдын алып, тараптарға қысқа мерзімде дауды өздеріне оңтайлы шешуге көмектеседі.

Соттар алдағы уақытта да өз тарапынан тараптар арасындағы дауды  медиация тәртібімен реттеуді насихаттау жұмысын жалғастырады.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі