Ювеналды сотта мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ қатысуымен дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Сот жүйесіндегі құқықтық реформалар: заң үстемдігін қамтамасыз ету. Сот өндірісіне технологиялық жаңашылдықтарды енгізу» тақырыбы аясында  мемлекеттік емес ұйым өкілдері және бұқаралық ақпарат өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен медиаторлар қатысуымен   дөңгелек үстел өткізілді.  

 Ювеналды соттың төрағасы Б.Б.Жұмабаев өткізілгелі отырған іс шараның маңыздылығына  тоқталып, жаңашыл бағыттағы реформаның табысты орындалуы, заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты сот қызметінің ашықтығын, жариялығын жүзеге асыруға, халық пен сот арасын жалғастырып,  ықпал ету тетігі бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті ақпарат беру, заңды қолдану, сот төрелігін жүзеге асыру мәселелеріне тоқталды. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін іске асыру барысы, сот  жүйесіне жүктелген 11 қадамның орындалуын баяндады.

Дөңгелек үстел барысында Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Н.А.Искакова «Азаматтық процестік кодестің жаңашылдықтары» тақырыбында өз баяндамасын оқыды. 

Медиаторлар Г.М.Марданова, Н.И.Тулегенова  «Қазақстан Республикасындағы Медиация институтының дамуы» тақырыбында өз баяндамаларын оқып, ювеналды сотпен жасақталған өзара меморандум өз нәтижесін беріп, баламен кездесу уақытын белгілеу, алимент мөлшерін азайту жөніндегі даулар бойынша  тараптар істі медиациялық келісімдермен аяқтап отырғанын көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасты. 

 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі