Ювенальдық сот 5 жасар қызын тас жолда тастаған әйелді аналық құқығынан айырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Махамбет аудандық білім бөлімі ММ-нің бес жасар қызын далаға тастап кеткен жауапкерді аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың мамыр айында жауапкер Т.Э. өзінің 2011 жылы туылған қызын Атырау-Алмалы тас жолы бойында тастап кеткен, бала қараусыз жүріп, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндегендіктен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Жауапкер өз әрекетін, басқа тұлғамен некеге тұрып, ол адам қызына қарсы болғандықтан далада тастап кеткенін, қазіргі уақытта тағы да егіз балаға жүкті екенін көрсеткен.

Айта кетерлік жайт, жауапкер бұған дейін де  екі үлкен баласына қатысты аналық құқығынан айырылған.

Сот шешімімен жауапкер Э.Т. үшінші баласына қатысты да аналық құқығынан айырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі