Ювеналдық сот төрағасы брифинг өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Жұмабаев сот төрелігін жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын «Казақстан-Атырау» телеарнасына  және БАҚ өкілдеріне  жариялады.

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыру щеңберінде еліміздің сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықды, атап айтқанда, сот төрелігі үш буынды жүйеге көшті. Жоғарғы Соттың жанында инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа мен Халықаралық кеңес құрылды. Азаматтық сот ісіне прокурордың қатысуы шектелді, тергеу судьяларының соттылығы кеңейді.   Біліктілік талаптары мен судьялық лауазымға кандидаттарды іріктеу механизмдері күшейтілді. Психологиялық тестілеудің рөлі күшейтілді, полиграфологиялық зерттеу енгізілді. Жоғары сот кеңесі дербес аппараты бар автономды мемлекеттік мекеме ретінде түбегейлі реформаланды, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы өз жұмысын жаңа мәртебеде бастағанын айтып өтті.

Соттарда аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу мен қолдану бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп, ағымдағы жартыжылда істердің 100% АБТ жүйесін қолдану арқылы қаралғанын мәлімдеді.

Судьялар есептілігінің күшейіп, жұмыс істеп жүрген судьялардың біліктілігін мерзімдік бағалау, азаматтарға судьялардың әрекетіне қатысты Сот жюриіне шағымдану мүмкіндігінің берілуі судьялардың кәсіби тәртібін нығайтуға, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға және осылардың нәтижесінде тұрғындардың сот жүйесіне деген сенімін арттыруға ықпал ететінін көрсетті.

Брифинг барысында 2016-жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру және заңдылықтың сақталуы жағдайының статистикалық деректері бойынша ақпарат берілді.

   

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі