Ювеналдық сотта Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан халқы тілдерінің күніне арналған мереке қарсаңында «Сот іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар мен сот мамандары, Атырау қалалық білім бөлімі өкілдері, медиаторлар мен мемлекеттік емес ұйым өкілдері, Атырау облыстық тілдерді дамыту басқармасы өкілдері қатысты. 

Шараны ашқан судья Ғ.Отарұлы сот iсiн жүргiзу тiлiн ерікті таңдау принципі - істің мән-жайларын анықтауға, нақты шешімдер шығаруға, сот арқылы құқық қорғаудың қолжетімділігіне ықпалын тигізетінін айтып, сот төрелігін жүзеге асыру барысында сот өндірісінің тілін таңдауда поцеске қатысушылардың құқықтарын шектеу фактілеріне жол бермеу қажеттілігін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында  терминологияны дұрыс қолдану, әдеби тіл нормалары мен заң техникасын сақтау мәселелері, сот актілерінде, сот іс құжаттарын жасақтауда  жиі кездесетін қателер талқыланды. Мемлекеттік тілдің іс қағаздарын және сот ісін жүргізудегі орнына, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі