Ювеналдық сотта «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасы таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот судьялары мен мамандарының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының аға прокурорлары А.Апсалямова және М.Толстовтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Алғы сөз алған судья Ғ.Отарұлы сот төрелігін жүзеге асыру процесіне ақпараттық технологияларды енгізу сот төрелігіне қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетіп, «Заңдылық» жүйесі қылмыстық процеске технологияларды енгізудің кезекті қадамы болып табылатынын айтты.

Кездесу барысында  А.Апсалямова жаңа жоба «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесімен таныстырып, бұл жобаның бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға және қылмыстық процестің ашықтығын арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Және де сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесін интеграциялау есебінен қылмыстық процестің сапасын арттыру, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықты қоса алғанда, өзге де базалармен интеграциялану күтілуде, соның нәтижесінде мүгедектік туралы, полиция қызметкерлерінің арнайы атақтарының бар-жоқтығы жөніндегі деректер автоматты түрде берілетінін,бағдарламаға нақты кезеңге арналған барлық өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекстің барлық нормалары жүктелетінін,жүйе қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күнгі айлық есептік көрсеткішті ескере отырып айыппұл мөлшерін, кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың ерекшеліктерін немесе жазаны сіңірудің дұрыс тәртібін анықтайтынын атап өтті.     

Кездесуді аяқтай келе, судья Ғ.Отарұлы «Заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесі қылмыстық істер бойынша сот төрелігін неғұрлым сапалы жүзеге асыруға, сондай-ақ сотқа дейінгі іс жүргізу міндеттерін тиімді іске асыруға ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

 

 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі