Ювенальдық соттың кеңсе меңгерушісі С.Айдарбаева радио толқынының тікелей эфирінен еліміздің сот жүйесінің дамуының негізгі бағыттары туралы айтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі С.Айдарбаева Атырауоблыстық радиотолқынының жаңалықтар бағдарламасында Қазақстан Республикасы сот жүйесінің дамуы тақырыбында сөз сөйледі.

Тікелей эфир барысында спикер сот қызметінің ашықтығын арттыруды қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың сот өндірісі саласындағы қызметтерге қолжетімділігін көтеру, сот істері бойынша барлық қатысушыларға толық ақпарат ұсыну, кедергілерді азайту, істерді қарау мерзімдерін бұзуды және сыбайлас жемқорлықты жою бойынша сот жүйесі дамуының негізгі бағыттарына тоқталды.  

Сондай-ақ, сот жүйесін ақпараттандыру бөлігіндегі жетістіктері туралы айта келе, қазіргі кездегі ақпараттық технологияларды пайдалану, соттар қызметінің тиімділігі, қолжетімділігі және ашықтығы тәсілдерінің бірі болып табылатынын,бұл ретте Жоғарғы соттың интернет ресурсындағы "Сот кабинеті", "Сот істері бойынша анықтамалық" сервистеріне және "Талдау" форумына, «Сырттай бағалау сауалнамасы» жаңа сервисі ережелері бойынша толық  ақпарат берді.

Қорытындылай келе, енгізілген ақпараттық жаңалықтар сот жүйесін әрі қарай жетілдіруге, жұртшылыққа сот жүйесі қызметі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға, сондай-ақ тұрғындардың сот органдарына сенім деңгейін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі