Заңды неке бұзылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотына талап қоюшы Аманова Маржан Жұмабайқызының жауапкер Мергенбаев Ерлан Аманжоловичпен арадағы неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Аманова Маржан Жұмабайқызының жауапкер Мергенбаев Ерлан Аманжоловичпен арадағы неке бұзуды сұраған.

Сотқа жауапкер Е.А.Мергенбаев талапты мойындап, талап арызға қарсылық білдірген жоқ.

Сот, тараптардың уәждерін тындап, іс материалдарымен танысып,  оларға тиісті баға беріп, төмендегідей тұжырымға келді.

Талап қоюшы Аманова Маржан Жұмабайқызы мен Мергенбаев Ерлан Аманжоловичтің арасындағы 2012 жылғы 05 қазандағы № 50-156-12-0000229 санды Қызылқоға аудандық АХАЖ бөлімімен тіркелген некелері  бұзылды.

Шешім   заңды  күшіне  енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі