Заңсыз балық аулағаны үшін айыппұл төлейтін болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2016 жылдың қараша айында  құқықбұзушы Т. балық аулауға тиым салынған жерден балық аулап, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігінде көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық әрекет жасаған.

Сот құқықбұзушы  Т.-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 42 420 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі