Заңсыз балық сатып алған тұрғын

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігімен сотталушы Е.Н. қатысты қылмыстық теріс қылық туралы қылмыстық ісі  қаралды.

Сотталушы Е.Н. көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті күні бұрын уәделеспей иемдену мақсатында, 2017 жылдың қаңтар айында Атырау қаласындағы «Мұрагер» базарынан өзіне бұрын таныс емес, жеке бастары анықталмаған ұлты қазақ жігіттен әр килограмын 150 теңгеден жалпы салмағы 108 килограмм болатын «чехонь» және әр килограмын 300 теңгеден 45 килограмм «аққайран» қара балықтарын заңсыз сатып алып, полиция қызметкерлері тоқтатып автокөліктің артқы жүк салғышын тексерген кезде балықтарды анықтаған. 

Басты сот талқылауында сотталушы Е.Н. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмысына өкінетіндігін,  аталған балықтарды өзіне пайдалану үшін сатып алғаны туралы айтқан.

Сот, іс құжаттарын зерттеп, Е.Н.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 90 760 теңге айыппұл салды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі