Заңсыз қаруды тапсыр

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша Қ.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы Қ.А. 2017 жылдың ақпан айында  Алғабас-Жорық учаскесіндегі мекен-жайында ішкі істер органдарында тіркелмеген қолдың атыс қаруы, моделі «БМ» 16 калибрлі, тегіс екі ұңғылы курокті аңшылық қаруын заңсыз иеленіп, сақтаған.

Сот отырысында құқықбұзушы Қ.А. өзіне тағылған кінәні толық мойындап, жауабында 2017 жылдың қаңтар айының ортасында мал іздеп жүріп, аңшы мылтығын тауып алып, үйіне әкеліп қойғанын, мылтық жарамсыз болғанын, кейін мылтықтың жатқанын ұмытып кетіп, полиция қызметкерлері келгенде үйінен шығарып бергенін айтып, іс әрекетіне өкінді.

Сотпен Қ.А.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 45 380 теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Айғақ зат мемлекет пайдасына тәркіленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі