Заңсыз табыстың жауапкершілігі бар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған Б.Мұқановқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотқа дейінгі тергеу органдарымен анықталғандай, 2016 жылдың сәуір айында Индер ауданынан 30 шақырымдай жердей орналасқан Көктоғай ауылының маңынан Қазақстан Республикасының азаматы Б.Муканов 547 кг. көлемінде балықты сату мақсатында алып келе жатқан жерінде полиция қызметкерлерімен ұсталып, осы қылмыстық теріс қылық бойынша, яғни көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу деген айыппен оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Сот үкімімен Б.Мұқанов Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 240 сағат қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалып, 547кг. балық – айғақты затты мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Атырау облысының Индер аудандық сотының баспасөз қызметі