Заңсыз «такси» қызметін атқарғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен (тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) жеке кәсіпкер Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жеке кәсіпкер Б. «Toyota Avensis Verso» маркалы көлік құралымен Атырау-Астрахань бағытында тиісті рұқсатсыз, тіркеусіз жолаушылар тасымалдап, тиісті органдарға, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жөнінде хабарлама жібермей заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысқан.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Б. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 56 725 теңге айыппұл салынды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі