Жаңа Жолдау жаңа мақсаттарға жол ашады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Жұмабаев, судьясы Ғ.Отарұлы және Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Хамидуллина Қазақстан Республикасы Президенті – Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын насихаттау аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында судья З.Хамидуллина Жолдау - Қазақстанның дамуына жаңа бағыттар айқындап берген маңызды құжат – «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болатынын және жолдауда білім беру саласына ерекше мән берілгенін, студенттерге қосымша ағылшын тілін меңгеру қажет екенін, себебі бүгінгі күнде ағылшын тілі жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі екенін атап өтті.

Сот төрағасы Б.Жұмабаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» стратегиясымен үндесетінін, Қазақстан әлемнің озық отыз елінің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеудің көрсеткіші болатынын, жолдауды іске асыруда әр қазақстан азаматы үлес қосуы шарт екенін, оның ішінде бүгінгі студенттер келешектегі білікті мамандар «цифрлы Қазақстан» бағытындағы көшбасшы болуға талпынулары керектігіне назар аударды.

Судья Ғ.Отарұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасының өкімімен бекітілген «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны баяндап, студенттерге аталған жобаның міндеті татуластыру рәсімдерін қолдануды кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, халықтың соттан тыс дауды шешу мүмкіндігін реттеу болып табылатынын атап өтті.  

Кездесу соңында студенттер өздерінің ойларымен бөлісіп, пікір алмасып, толғандырған сұрақтары бойынша жауап алып, судьяларға ризашылықтарын білдірді. 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі