Жұбайлар татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы К.Б - дің жауапкер Х.Б-ға ортақ мүлікті бөліп, үлесі 1 250 000 теңге, сот шығыны 20 000 теңге, төленген мемлекеттік баж 12 500 теңгені өндіру туралы талап  қою арызы бойынша қозғалған азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша К.Б. жолдасы Х.Б.-мен 1991 жылы   заңды некеге тіркеліп, ортақ бір балалы болғанын, 2015 жылы неке сот шешімімен бұзылғанын, некеде болған кезде салынған тұрғын үйді 2 500 000 теңгеге бағалайтынын көрсетіп, өзінің үлесі 1 250 000 теңгені, сот шығыны 20 000 теңге, төленген мемлекеттік баж 12 500 теңгені жауапкерден өндіруді  сұраған.

Сот отырысында жауапкер тұрғын үйді қызына сыйға тартуға міндеттеніп, ал талап қоюшы талабынан бас тартатынын айтып, сонымен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді соттың бекітуі туралы өтініш білдірді.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында медиация келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.  

 

Қайнар: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі