Жұбайын соққаны үшін 10 тәулік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылқоға аудандық сотында 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының  № 84-VI заңымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі жаңа 73-1, 73-2 баптарымен айыпталған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы А.И. алкогольден масаң күйде өзінің заңды некедегі зайыбы Ж.С-ны ұрып соғып, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, құқық бұзушылық жасаған.

Сотта жәбірленуші Ж.С. бұлайша өзін ұру бірінші рет еместігін айтып, заңды шарасын қолдануды сұрады.

Сот қаулысымен А.И. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі