Жұбайына тіл тигізіп, жазықты болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен Ж.Г. Қазақстан РеспубликасыныңӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Ж.Г.2016 жылдың мамыр айында алкогольден масаю күйінде өзінің Ганюшкин ауылы Елемесов көшесінде орналасқан үйінде жұбайы А.Г.-ға тиісіп, былапыт         сөздермен тілдеп, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот отырысында Ж.Г. өз кінәсін жартылай мойындап, үйіне арақ ішкен күйде келгенін, алайда жұбайына тиіспегендігін көрсетті.

Сот Ж.Г.-ның кінәсі оның өзінің соттағы кінәсін жартылай мойындаған түсініктемесінен басқа, іс құжаттарымен дәлелденді деп танып, оған 3 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі