Жұмыс беруші мекеме мен жұмысшылар арасында медиациялық келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысы Жылыой аудандық сотында  талап қоюшы «Консорциум «ISKER» ЖШС-нің өзінің жауапкер ретінде 120 жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп тану туралы талап қою арызы түсті.

Аталған іс бойынша судья дайындық сот отырысында тараптарды медиациялық келісімге келтіріп, медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Келісім бойынша жұмыскерлер,  2017 жылдың 25 шілдесінде  ереуілге өздерінің заңсыз шыққандарын мойындайтыны,  ал  жұмыс беруші мекеме ереуілге қатысқан өз жұмысшыларын  тәртіптік жауаптылыққа тартпайтындығы туралы міндеттемені алып, өз талап арызынан бас тартты.

Қайнар: 
Атырау облысының Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі