Жылыой аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмысты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев аудандық «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Е.Қошақановтың қатысуымен ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарын қорытындылау  бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында сот төрағасы соттар алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі сот төрелігінің сапасын жақсарту, заңдылықты сақтау және сот жұмысын одан әрі жетілдіру екендігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу міндеттілігі бойынша пилоттық жобаның  енгізілгенін айтып, медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуге жататын даулардың санаттарына тоқталды. Осы аталған пилоттық жобаны түсіндіру мақсатында судьялармен селолық округтерге барып, халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатырғандығын айтып өтті.

Сот төрағасы есепті кезеңде сотта қаралған азаматтық істер бойынша мағлұмат беріп, медиацияның барлық санаттағы істер бойынша кеңінен қолданылатынын, татуластыру рәсімдерін қолданумен қысқартылған азаматтық істердің саны артқанын айтты.

Жаңа АПК-тің енгізілуімен істерді партисипативтік тәртіпте қысқарту мүмкіндігі пайда болған, яғни адвокаттар арасында келісімдерге қол жеткен, Жылыой аудандық соты 5 іс бойынша партисипативтік келісімді бекіткен.

Сонымен қатар ол қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметінің өзге де аспектілерін жетілдіру, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің жұмыстарына, «Талдау» форумының ақпараттық-талдамалық қызметінің жетістіктеріне тоқталды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі