Жылыой аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот жүйесіне халықтың сенімін нығайту және қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы А.Саудабаевтың қабылдауына құқықтық сипаттағы  сұрақтарымен келген азамат К.Сабыров мүлікті тыйым салудан босату және келісім-шартты бұзу туралы талап арыздар қандай тәртіпте қаралатыны жөніндегі сұрақтарымен жүгінді.

Келушілерге Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасының нормаларына сәйкес мұндай санаттағы істер бойынша талап арыздарды жазу  мен оларды қарау тәртібі түсіндірілді.

Қайнар: 
Атырау облысының Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі