Жылыой аудандық сотында азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Азамат А.  сотқа  азаматша У.-ды кәмелетке толмаған балаларымен үйден шығару жөнінде және азаматша У. тұрғын үйге ортақ үлесін тану туралы қарсы талап арызбен жүгінді.

Істі сотта қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы сотқа арыз келтірді.

Сот отырысында тараптардың қорғаушылары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, жазбаша өтініш білдірді.

Сот тараптардың дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар