Жылыой аудандық сотында пилоттық жоба аясында белсенді жұмыс жүргізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен  медиацияны қолдану салаларын одан әрі ұлғайту мақсатында, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бағытында пилоттық жоба бекітілді.

Пилоттық жоба аясында Жылыой аудандық сотымен тұрғындарға белсенді түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде оқып-үйрену семинарлары, медиацияны жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді. Медиацияны қолдану сұрақтары жергілікті БАҚ-та талқылау пәніне айналды.

Бұдан бөлек сот ғимаратының кіре берісінде көпшіліктің назарына пилоттық жоба бойынша медиацияны қолдану механизмі жөнінде ақпараттық тақта орналастырылған. Қазіргі таңда аудандық сотта пилоттық жоба аясында бірқатар істер қаралды.

Атап айтқанда осы жылдың ақпан-маусым айларында пилоттық жоба аясында медиация тәртібімен 54 азаматтық іс аяқталған, олар: неке және отбасылық қатынастан туындайтын даулар – 35 іс, мұралық құқық – 2 іс, жер дауы -1 іс, келісім шарттан туындайтын даулар бойынша – 6 іс, шығын өндіру -1 іс.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі