Жылыой аудандық сотында сот жүйесі және атқару өндірісі органдарының өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семинарға қатысушылар сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесі және атқару өндірісі органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АӨО ААЖ) арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі,сот мәжілісінің хатшылары және жеке сот орындаушылар қатысты.

Тақырып бойынша баяндама жасаған бас маман А.Адаева, бұл функционал сот орындаушысы шығарған қаулыны санкциялау немесе одан бас тарту туралы шешімді өте қысқа мерзімде қарауға, сондай-ақ қаулыны атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне бір ғана «жіберу» тетігін басу арқылы жолдауға мүмкіндік беретіні туралы мәлімдеді.

Соттың дерегіне сәйкес, қазіргі таңда таңда Жылыой аудандық сотымен мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың 144 қаулылары электронды түрде санкцияланған.

Кездесу соңында әділет органдарына немесе жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасына электрондық құжатты атқару үшін жолдаумен және оны әрі қарай тіркеумен байланысты бірқатар мәселелер шешіліп, ескертулер  айтылды.

Сонымен қатар қатысушылар ақпараттық жүйелердегі функционалдардың әр түрлі техникалық мәселелерін шешу жолдарында қарастырды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі