Жылыой аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында ҮЕҰ өкілдері, құқық қорғау органдары және мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жолын кесудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға аудандық сот төрағасы, судьялары, аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаев, Жылыой ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы Г.Айшуақова, Жылыой ауданы бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасының маманы А.Мамбетиязов, аудандық кәсіпкерлер және туризм бөлімінің басшысы Қ.Мыңбаев, аудандық кәсіпкерлер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Аязбаев, аудан прокуроры Б.Есенгельдинов, аудандық прокуратурасының прокуроры Е.Темірбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің кадр жұмысы тобының аға инспекоры А.Мұсаев, аудандық әділет басқармасының басшысы А.Нұғман, әділет басқармасының бас маманы А.Төлепова қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы А.Саудабаев іс шараға қатысушыларға мемлекеттік мекемелер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау жұмыстары қаншалықты жасалғанымен, онымен тоқтамау керектігін, яғни аталған дертті жоюдың басқа жолдарын іздестіру керектігін айта кетті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы жаңа заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігіне қатысты қағидалары бойынша нақты көзделгенін айта кетті.

Прокуратура өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2016 жылдың 3-тоқсанында өздерімен атқарылған жұмыстар бойынша айтып өтті.

Қатысушылар аталған тақырыпқа қатысты өздерінің ұсыныстарын, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңын одан әрі дамытуға үлес қосуға қарсы еместіктерін айта кетті.

Шара соңында сот төрағасы қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жұмысын бірлесе жалғастыруға шақырды. 

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі