Жылыой аудандық сотында әйелдердің құқығы туралы мәселелер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Жылыой  аудандық сотында «Қазақстандағы әйелдердің құқығы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жумабаев, судьялары, Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасының қызметкерлері, «Жылыой Газ» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Каспий Банк» АҚ, «Атырау Жарық» АҚ,  филиалдарының өкілдері қатысты.  

Дөңгелек үстел барысында судья Ж.Аятов: Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізгенін және қазақстандық гендерлік саясатты құру барысында адам, отбасы құқықтары мен гендерлік теңдік саласындағы ең тиімді халықаралық тәжірибелер, БҰҰ-ның бағдарламалық құжаттары қолданылғанын атап өтті.

Сонымен қатар  қазақстандық гендерлік саясат іске асу мен әрі қарай сәтті дамудың шыңында орналасқаны аталып өтті. Осылайша, әйелдер мен ерлерді жыныстық белгілері жағынан емес, болашақта мемлекеттің гүлденуі мен дамуына қажетті үлес әкелуі мүмкін саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы тұлға, адами ресурс ретінде қарау қажеттілігі айқындалды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар