Жылыой ауданында заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен сотталушы Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, Б. 2016 жылдың наурыз айынан бастап жеке кәсіпкер ретінде Салық органына тіркелмей «Беркат» орталық базарының бірінші ғимаратында орналасқан «Inbet» букмекерлік кеңсесі ішінде лезде ұтыс беретін заңсыз букмекерлік кеңсесін ұйымдастырған.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Басты сот отырысында сотталушы мен Жылыой ауданының прокуроры арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісімге  қол жеткізілді.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркілене отырып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Қайнар: 
Атырау облысының Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі