Жылыой ауданының тұрғыны өз бақшасында сора өсірген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында өз үйінің бақшасында өсіруге тиым салынған сора дәндерін, яғни құрамында есірткі заттары бар дәндерді егіп, өсірген сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 3)тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және 240 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі