Сот тараптардың келісімге келуіне көмектесті
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ciorap» (Чорап) ЖШС-нің «Bio Food Trade West» ЖШС-нен 949 359 теңге берешекті өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.
Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, татауласы келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.
Нәтижесінде тараптар сотқа дауды (жанжалды) бітімгершілік келісімге келу арқылы реттеу туралы өтінішхатпен жүгінді.
Сот ұғарымымен тараптар жасасқан бітімгершілік келісім бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.Осы тараптар арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.
Мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.