Жол-көлік апатына ұшыраған
18/03/2017
Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігімен Ж.А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Құқықбұзушы Ж.А. Атырау-Индер тас жолы тұсында «Lada 21725 169-33» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйінде басқарып, сақтық шарасын қолданбай, басқару жүйесін игере алмай, тас жолдың сол жағына аударылып, жол-көлік оқиғасын жасап, нәтижесінде автокөлікке материалдық залал келтірген.
Сот, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, Ж.А.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлімімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Қайнар:
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі