Тонауға күдікті адамдар қамаққа алынды
12/10/2017
Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы Атырау қаласының екі тұрғынына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
Тергеу дерегінше, күдіктілер П. мен А. азамат К.-ның үйіне баса көктеп кіріп, оны ұрып, ашықтан-ашық 95 000 теңге көлеміндегі ақшасын алып кеткен.
Бұл факт бойынша аталған тұлғаларға қатысты ҚК-тің 191 бабы 2 бөлігі 3), 4) тармақтарымен қылмыстық іс қозғалды, яғни олар алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып тұрғын үйге заңсыз кірумен бөтеннің мүлкін жымқырған.
Қайнар:
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі