Ш.Даурешов - судья в отставке "100 нақты қадам - сот саласына тың бастама" // "Мұнайлы Астана"

Версия для печатиВерсия для печати

100 нақты қадам – сот саласына тың бастама

Ел басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ елін дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы озық 30 елдің қатарына қосу мақсатында қабылдап отырған «100 нақты қадам» жоспары еліміздің сот саласына бұрын-соңды болмаған тың, соны серпін беріп отыр.

Аталған Ұлт Жоспарында елімізде заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне үлкен мән беріліп, негізгі бес бағытқа жолдама беріліп отырү «Нақты 100 қадамның» 16-27 тармақтарында сот саласы жұмысын көрінеу оңтайландыру көзделіп отыр. Сонымен қатар сот саласына үлкен тапсырмалар, міндеттер жүктелуде.

Осы Ұлт жоспарының нәтижесінде «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары делінген.

Президентіміз сөйлеген сөзінде бұл бағдарламаны орындау бағытында Қазақстан республикасының бәсеке қабілеті артатынын,  «Кәсіби  мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» - деп аталатын 100 қадам жоспарын атап көрсетті.

Осы бағдарлама негізінде сот саласын халықаралық стандартқа сай дамыту көзделіп отыр.

Бес сатылы сот жүйесінің үш сатылы сот төрелігіне көшу заман талабы ғана емес, әлемдік тәжірибеге көшу болып табылады.

Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайтудың да маңызы зор. Судьялыққа үміткерлердің сот ісін жүргізу бойынша міндетті түрде бес жылдық еңбек стажы болуы, сосын бір жылдық тағылымдамадан, содан кейін, бір жылдық сынақтан өтуі керектігі болашақ судьялардың шыңдалуына септігін тигізері анық жағдай.

Сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясынан бөлініп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жолында қызмет атқаратын болды.

Қазіргі кездее, республикамызда сот саласында жүріп жатқн маңызды жұмыстардың бірі – сот қызметінің ашықтығын жолға қою мәселесі болып отыр. «100 нақты қадамда» сот істерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сот отырыстарын дыбыс-бейне жазу жүргізу арқылы өткізуге айырықша мән берілген.

Қазіргі кезде Елбасы көтерген  «Қазақстан-2050» ауқымды стратегиялық бағдарламасы, оны толықтыратын «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» бағдарламасы , сондай-ақ Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосуға жетелейтін бес институттың реформасы, оны жүйелі түрде жүзеге асуға бағыттайтын «100 нақты қадам» бғдарламасының орны бөлек. Бұл реформалардың барлығы қазақ елін биік бір белеске апарары анық.

Бүгінгі таңда Қазақстан Президентінің аты Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі Ли Куан Ю, Қытайдың Дэн Сяо Пин, Үндістің Махатма Ганди, Түркіменнің негізін қалаушы Мұстафа Кемалдің есімдерімен қатар тұруға әбден лайық деп санауға толық мүмкіндік бар.

Шәкимардан ДАУРЕШОВ

доғарыстағы судья