Апелляция материалдық залалды өндіру туралы сот шешімінің күшін жойды
09/11/2023
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы талап қоюшы «Атырау облысының полиция департаменті» ММ-нің жауапкер Ж.А.-дан мүліктік залалды өндіру туралы азаматтық іс бойынша бірінші саты соты шешімінің күшін жойды.
Іс фабуласы
2021 жылғы 01 қазанда жауапкер үйінің ауласында тұрған «Skoda Oktavia» маркалы қызметтік көлігі өртенген.
Бұл автокөлік Индер ауданы полиция бөлімінің бұйрығымен Индер ауданы полиция бөлімінің жол және техникалық инспекциясының аға инспекторына бекітілген.