
Атырау облыстық сотының төрағасы - Пәрменов Мұхтар Абайұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 шілдедегі Жарлығына сәйкес Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына Мұхтар Абайұлы Пәрменов тағайындалды.
Анықтама:
Мұхтар Парменов 1967 жылы ОҚО, Арыс қаласында дүниеге келген.
1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
1991-1993 жж. – Шу көлік прокурорының аға көмекшісі.
1993-1994 жж. – ОҚО сотының азаматтық істер бойынша кеңесшісі.
1994-1996 жж. – Шымкент қаласы Еңбекші халық сотының халық судьясы.
1996-1997 жж. – Шымкент қалалық сотының судьясы.
1997-1998 жж. – Шымкент қаласы Еңбекші сотының судьясы.
1998-2005 жж. – Шымкент қалалық сотының судьясы.
2005-2009 жж. – Түркістан қалалық сотының төрағасы.
2009-2010 жж. – Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы.
2010-2018 жж. – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының, Шымкент қалалық сотының судьясы.
2018 жылдан бастап қазіргі тағайындалуға дейін - Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.