Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьяларымен және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға мамандандырылған судьялардың БКБ арқылы қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде кездесетін проблемалық мәселелерді, сот актілерінің күшін жою, өзгерту себептерін, сондай-ақ тәжірибеде кездесетін қателерді талқылау бойынша семинар өтті.

Іс-шара спикері Атырау облыстық сотының судьясы Д.Тухфатова өз сөзінде сот актілерінің күшін жою және өзгерту себептеріне тоқталып, судьялармен жиі жіберілетін қателіктерге назар аударды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде заңдылықты сақтау қажеттігін айтты.

Әкімшілік жауаптылыққа тартылатын, сот отырысына қатысуы міндетті, бірақ сотқа келуден жалтаратын адамдарға қатысты істерді қарау кезінде туындайтын проблемаларды шешу үшін қабылданатын шаралар бойынша пікір алмасу болды.

Облыстық соттың судьясы сот ісін жүргізуге қабылданған істерді ведомстволық бағыныстылығы бойынша қайтаруға, әуре-сарсаңға салуға, себепсіз тоқтата тұруға жол берілмейтіні, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылыққа тарту, істерді қарау мерзімдерін сақтау, сот актілерін қатысушыларға уақтылы жіберу және «Төрелік» талдау жүйесіне енгізу туралы айтып өтті.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі