Бс, 16/11/2023 - 18:26


Бүгін «Құқық» қоғамдық қорының директоры О.Рыль Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болды.
Кездесу барысында «Құқық» ҚҚ мен Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты отбасылық жанжалдарды шешу үшін «Бақыты отбасы» отбасылық соттар жанындағы Отбасыны қолдау орталықтары мен басқа да отбасын қолдау орталықтарының өзара іс-қимылын ұйымдастыру арқылы барлық мүдделі органдар мен тұлғаларға отбасылық, демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге көмек көрсету, қиын өмір сүру жағдайындағы балалары бар әйеладамдардың уақытша тұруына жағдайларжасау болып табылады.
Сондай-ақ, бірлескен қызметтің негізгі міндеттері:
-отбасы институтын нығайтуға бағытталған мақсаттарға қол жеткізу;
-некені бұзуға бастамашы болған ерлі-зайыптыларға психологиялық, консультативтік және басқа да көмек көрсету;
-соттарда татуластыру құралдарын белсенді қолдану арқылы ажырасулар санын азайту;
-балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
Меморандум отбасылық жанжалдарды эвеналды соттар жанынан Отбасылық ресурстарды қолдау орталықтарын ұйымдастыру арқылы шешуді көздейді.
Жүктелген міндеттерді жүзеге асыру және татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану үшін Татуластыру орталығында отбасы психологы мен медиатордың жұмысы үшін жеке кабинеттер бөлінді.
Кездесу барысында тараптар меморандум ережелерін жүзеге асыруға байланысты барлық жағдайлар бойынша пікір алмасып, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерді талқылады.