Кондитерлік «мак» ұрлаймын деп сотты болды
08/04/2016
Атырау облысы Мақат аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабы 1 бөлігімен сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың ақпан айында сотталушы Ж. алкогольді масаю күйінде бөтен мүлікті ашық жымқыру мақсатында Мақат поселкесінде орналасқан «Ару» сауда орталығының ішінен құны 3 000 теңгеге бағаланған «Мак пищевой» кондитерлік қоспасын, яғни бөтен мүлікті ашық жымқырған.
Сот үкімімен Ж. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 191 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Источник:
Пресс-служба Макатского районного суда Атырауской области