Спирттік ішімдіктерді түнде сатқан дүкенші жазаланды
05/07/2016
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабы 3 бөлімімен құқықбұзушы С.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.
Іс-құжаттарынан анықталғандай, Атырау қаласы, Азаттық даңғылында орналасқан «Ада» дүкенінің дүкеншісі 23:00 кейін маркасы «Карлсберг» 12 дана сырасын сатқан.
Сот құқықбұзушы С.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-ның 200 бабының 3 бөлімімен кінәлі деп танып, әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Источник:
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі