Өзбекстан азаматшасы қамауға алынды
28/04/2017
Атырау облысының Жылыой аудандық соты Өзбекстан Республикасының азаматшасына қатысты әкімшілік іс қарады.
Өзбекстан Республикасының азаматшасы А. Қазақстанға жеке мақсатпен келіп, Жылыой ауданы, Қосшағыл селосындағы үйге тіркеліп, алайда, белгіленген мерзімі біткен соң өз еліне кетуден жалтарып, құқық бұзушылық жасаған.
Сот қаулысымен өзбек азаматшасы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Источник:
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі