ЖҰМАҒҰЛОВ БАУЫРЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1961 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы облысының Қапал селосында дүниеге келген.

Қапал орта мектебін бітірген соң С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түскен.

Студент кезінде университеттің қоғамдық өміріне белсене араласқан. Факультеттің кәсіподақ ұйымының төрағасы болып сайланған. Жазғы кезеңде студенттік құрылыс отрядтарын басқарған.Үшінші курста комсомол комитетінің ерікті хатшысы болып тағайындалған.

1985 жылы университетті бітірген соң, КСРО Бас прокуратурасының жолдауымен Алматы қаласының прокуратура органдарында еңбек жолын бастаған, сонда тергеуші, Фрунзе аудандық прокурорының көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының жалпы қадағалау бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының аға прокуроры, Алматы қаласы Совет және Бостандық аудандары прокурорының орынбасары, Алматы қаласының Ақсай ауданының прокуроры қызметтерінде болған. 1997-1998 жылдары «Қазақстан темір жолы» РМК-ның Бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрімен Астана қаласы мен Ақмола облысы Әділет басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметтеріне тағайындалған.

1999 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қалалық сотының судьясы болып тағайындалды. Кәсіби және ұйымдастырушылық қасиеттері ескеріліп, 2002 жылдың ақпанында Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы лауазымына ұсынылып, тағайындалды. 2006 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қалалық сотының  азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды. 2010 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қарағанды облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып тағайындалды. Жұмыс барысында жылдың үздік судьясы атанды.

2011 жылдың мамырында  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Аппараты) басшысы қызметіне шақырту алған.

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының 2012 жылғы 7 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланды.

Қызмет барысында бірнеше рет Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, «Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Үш би» Құрмет белгісімен марапатталды.Сот жүйесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық марапаттарына ие болды.

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Отыздан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.