Сот жүйесінің ардагерлері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

 Бекжанов  Сәттіғұл

  ( 1923-2004)

 1923 жылғы 7 қаңтарда Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы қазіргі  А.Тоқмағанбетов ауылында колхозшы отбасында дүниеге келген.

Білімі орта-арнаулы.

1942 жылдың наурыз айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Ұлы  Отан соғысысына қатынасты. Сол жылдың қыркүйек айында жарақат  алып, 2 топтағы мүгедектік алды. 1943 жылы  Армия қатарында қызмет өтеуге жарамсыз деп танылып, туған жеріне оралды.

1944-1945 жылдары орта мектепте мұғалім болып қызмет жасады.

1946-1948 жылдары Алматы қаласындағы Әділет Министрлігінің  2 жылдық мектебінде оқыды.

1948-1952 жылдары бұрынғы Теңіз аудандық прокуратурасында тергеуші,  1952-1957 жылдары Новобогат (қазіргі Исатай) ауданында прокурор, 1957-1958 жылдары Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық прокуратурасының аға тергеуші,1958-1966 жылдары Маңғыстау ауданының прокуроры болып жұмыс жасады.

1966 жылдан бастап үзбей 21 жыл қатарынан Мақат аудандық сотының халық судьясының қызметтерін атқарып, осы соңғы судьялық қызметінен  жасы келуіне байланысты 64 жасында еңбек демалысына шыққан.

 Сот саласында қызмет атқарған кездерінде ССРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен «Еңбектегі Еңбегі үшін» медальімен марапатталған және қызмет атқарған Новобагат, Маңғыстау, Мақат ауандарында аудандық партия комитетінің Пленум мушесі, аудандық Кеңестің депутаты болып сайланған.

  2003 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Атырау облыстық мәслихатының құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

 

 

Мырзалиев  Өтеген Төлеуұлы

(1922-2005)

1922 жылдың қаңтар айының 2-ші жұлдызында  Гурьев облысы Қызылқоға ауданының 17 ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1953 жылы Алматы заң институтын  бітірген.

Еңбек жолын 1939 жылы есепші болып бастаған, 1943 жылдың наурыз айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылдың желтоқсан айында жарақат алғаннан кейін мүгедектік белгіленген.

1944-1946 жылдары Гурьев облысы Мақат ауданы Байшонас поселкелік кеңесінің хатшысы болып қызмет жасады. 1946-1948 жылдары Алматы қаласындағы ҚСРО Әділет Министірілігінің екі жылдық заң мектебінің  оқушысы болған.1948-1951 жылдары аралығында Гурьев облысы Бақсай аудандық  халық сотының судьясы, 1951-1957 жылдары аралығында Гурьев қаласының № 2 учаскесі сотының судьясы,1957-1959 жылдары аралығында Гурьев облыстық сотының мүшесі болып  жұмыс жасаған.

1959-1961 жылдары аралығында Гурьев халықтық шаруашылық кеңесінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы,1961-1963 жылдары аралығында Гурьев облысы прокурорының бас көмекшісі,1968-1972 жылдары  Гурьев облыстық сотының төрағасының орынбасары,1972-1973 жылдары  Гурьев облыстық атқару комитетінің Әділет бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарған.1974-1987 жылдары аралығында Балықшы аудандық халық сотының  судьясы болған.

1987 жылының қаңтар айында 65 жасында еңбек демалысына шыққан.

III-ші дәрежелі «Даңқ ордені», I-ші дәрежелі» Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен марапатталған.

 

 

Трумов Уағап Трумұлы

(1923-2005)

Трумов Уағап Трумұлы 05.01.1923 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданы Қошалақ жерінде дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1954 жылы Алматыдағы Заң институтын бітірген.

 Еңбек жолын 1942 жылдың наурыз айынан “Аэросъемка” конторында бастаған.

1943 жылдың қаңтар айында Совет Армиясы қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына  қатынасып, 1943 жылдың аяғында ауыр жарақат алып- 1 топтағы мүгедектік белгіленіп,осы жылдың желтоқсан айында әскер қатарында қызмет өтеуге жарамсыз деп танылуына байланысты туған жерге оралып, Теңіз аудандық спорткомитетінің бастығы, 1945-1946 жылдары Манғыстау аудандық ауыл советінде жұмыс істеді.

 1946-1948 жылдары Алматы қаласындағы Әділет Министрлігінің екі жылдық заң мектебінде оқып, оны 1948 жылы бітіргеннен кейін Гурьев қалалық сотының халық судьясы, Ембі аудандық сотының судьясы, 1953 жылдын наурыз айынан 1956 жылдың тамыз айына дейінгі аралықта

“ Қазақстаннефть” бірлестігінде заң кеңесшісі, 1956 жылдың тамыз айынан 1957 жылға дейін Гурьев облыстық қорғаушылар алқасының төрағасы болған.

1957 жылдан бастап сот жүйесінде- Гурьев қалалық сотының судьясы, Гурьев облыстық сотының мүшесі, Гурьев облыстық сот төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1971 жылдың қантар айынан 1985 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта - 15 жыл бойына Гурьев облыстық сот төрағасының қызметін атқарып, 1985 жылдың желтоқсан айында 63 жасында еңбек демалысына шыққан.

2002 жылы “Құрметті судья”  атағына ие болды.

30.04.2003 жылы «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

2005 жылдың 27  тамызында дүниеден өткен.        

Соғыс ардагері Уағап Тұрымов  “Бірінші дәрежелі Отан соғысы” орденімен, “Жауынгерлік еңбегі үшін”, “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында Германияны жеңген” үшін, ”За самоотверженный труд в период ВОВ 1941-1945 г.г.”, ”За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина”, “Еңбек ардагері”  және басқа медальдармен марапатталған.

 

Дощанов Уаһап

1926 жылы дүниеге келген

 

 17 желтоқсан 1926 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданында дүниеге келген.

  Білімі жоғары.

  Еңбек жолын 1941-1945 жылдары Теңіз ауданы «Жаңа талап» колхозында колхозшы болып бастаған.

1946 жылы Теңіз аудандық прокуратурасында хатшы  жұмысын атқарған.

1951-1952 жылдары құқықтық мектебінде оқыған.

1953-1956 жылдары Теңіз аудандық сотының хатшысы, нотариус, заң кеңесшісі қызметтерін атқарған.

1956-1960 жылдары бұрынғы Есбол, қазіргі Индер аудандық, 1963-1965 жылдары Ақтөбе облысының Темір аудандық, 1965-1976 жылдары  Байғанин аудандық, 1976-1987 жылдары Атырау облысы  Теңіз аудандық соттарының  төрағасы болып жұмыс жасаған.

1987-1997 жылдары Атырау облысы, Құрманғазы ауданының нотариусы болған.

«Еңбеқтегі ерлігі үшін» (1970 ж.), «Еңбек ардагері» (1984 ж.),  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 50 жыл» медальдармен  және  мақтау қағаздарымен  марапатталған.

8.12.2001 жылы «Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы”  атағына ие болды.

17.12.2006 жылы Уаһап-ағайдың 80-жылдық мерей тойына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және Атырау облыстық сотының алғыс хаттары тапсырылды.

 

 

Ғұбашева Күнжан Сейдахметқызы

(Губашева Күнжан Сейдахметқызы

 (1941-1989 ж)

 

 1941 жылы 18 наурызда Қостанай облысы Семиозерск ауданы  Ноғайкөл селосында дүниеге келген,   білімі жоғары  -  1971 жылы Киров атындағы Қазақ  Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.   

 “Қазақ ССР-не еңбегі сіңген заңгер “( 1989 ж.)

 Жұмыс өтелі:

09.1959-09.1961ж.ж. Максутов сегізжылдық мектебінің бастауыш    сынып оқытушысы және аға пионервожатаясы (Қостанай облысы Семиозерск ауданы)

09.1961-03.1965 ж.ж.   Қостанай  облысының мемлекеттік мұрағаттың  Семиозерск  филиалының  ғылыми қызметкері

03.1965-02.1966 ж.ж.   Қостанай облысы Семиозерск ауданы  еңбекшілері депутаттары  кеңесінің атқару комитетінің  жауапты хатшысы.

03.1966-08.1966 ж.ж.   № 1 Астрахань  қалалық ауруханасының медсестрасы.

08.1966-10.1968 ж.ж.   Гурьев  қалалық халық сотының сот мәжілісі хатшысы.

10.1968-05.1973 ж.ж.   Гурьев облыстық сотының  аға консультанты.

05.1973-03.1978 ж.ж.   Гурьев облыстық   прокурорының көмекшісі.

03.1978-07.1982 ж.ж.   Гурьев  облыстық сотының мүшесі.

07.1982-12.1989 ж.ж.   Гурьев  облыстық соты төрағасының азаматтық істер жөніндегі орынбасары. 

 

Айтешев Қадырхан

 (1912 – 10.2001 г.г.)

 

“Қазақ ССР-нің еңбегі сіңірген заңгері”

 Ұлы Отан соғысының ардагері.

1912 жылы Гурьев облысы Жылая Коса ауданы Ақжайлақ елді мекенінде  дүниеге келді.

1933-34ж.ж. Ақтөбе облысында  комсомол қызметкері болып жұмыс жасады.Қазақ коммунистік журналистика институтында 1940-41ж.ж. оқыған.

1946-1948 ж.ж. Алматы заң мектебінде оқып, білім алды.

1934-1936 ж.ж. –Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында аудандық комсомол комитетінің  насихатшысы,1936-1938ж.- Ақтөбе қаласы Ақтөбе қазақ драма театрында әртісі, 1938ж. – Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданында “Колхоз жолы” газетінің хатшысы болып еңбек етті.

1938-1939ж.ж.- Алматы қаласы УК УП(б) жанындағы жоғарғы мектеп курсанты, 1939–1940 ж.ж.- Ақтөбе облысы бойынша “Лениншіл жас” газетінің меншікті тілшісі,1940–1941ж.ж.- Алматы  облысы Ақсу ауданында колхоз театрының директоры қызметтіерін атқарды.

1941–VI.1942 ж.ж.- Новосибирск қаласында 132-ші жұмысшылар батальонының взвод командирі,1942-VI.1943 ж.ж.- Сталинград және ІІ Украина майданының  армиясында рота старшинасы және партия ұйымы хатшысы,1944 – 1944 ж.ж. – Москва қаласы ПУМВО саяси құрамында курсант, 1944–1945ж.ж.- баталеон партия ұйымы хатшысы, одан әрі Иваново облысы бойынша эшелон бастығының орынбасары болып жұмыс жасады. 1945–III.1946ж.ж.-Москва қаласының комендатурасында кезекші офицердің көмекшісі болды.

1948–1972 ж.ж. – Гурьев қаласы Балықшы аудандық сотының 3,4-ші участогінің судьясы.   

 I-II-ші дәрежелі  “Отан соғысы”  ордендерімен, “За оборону Сталинграда”, 1944 ж. ,   “За победу над Германией”, 1945 ж., “20 лет Победы над Германией”, 1965 ж.,    “50 лет Вооруженным Силам СССР”  1968 ж.  Медалдарымен марапатталған.                        

     

    Дәурешов Шағимардан

 04.09.1940 жылы Гурьев облысы Новобоғат ауданы Забурунье  ауылында дүниеге келген, білімі-жоғары,  1975 жылы Бүкіл одақтық заң институтін сыртынан  бітірген.

  Жалпы өтілі – 42 жыл.

Заң саласында еңбек жолын 1975 жылы Гурьев облысы Индер аудандық прокуратуратусында прокурор көмекшісі болып бастаған, кейін Балықши аудандық прокурордың көмекшісі жұмыс жасаған.  1976 жылы  Махамбет аудандық сотының судьясы, 1979-1982 жылдары – заместитель председателя Гурьев облыстық сотының төрағасының орынбасары, 1982 жылы – Әділет басқармасының аға консультанты, 1983 – 1987 жылдары –  Гурьев облыстық сотының мұшесі, 1987 жылдың ақпан мен шілде айылары аралығында –  Балықши аудандық сотының төрағасының міндетін аткарып, шілде айынан бастап–  осы соттың төрағасы. 1988 жылы- Гурьев қалалық сотының судьясы,  1989 – 1996 жылдары- Атырау облыстық сотының судьясының жұмысын атқарған..

1996-2002 жылдары арадығында  Жылыой аудандық сотының төрағасы, 2002 жылдын 5 наурызы айынан бастап осы соттың судьясы болып жұмыс жасаған.

 2002-2004 жылдары -   Атырау қалалық сотының судьясы.

 Қазақстан Республикасы Президентінің 13.12.2004 ж.  № 1498 Жарлығымен   зейнеткерлік жасуына жетуіне   байланысты құрметті  демалысқа шықты.

 

Кабиева Роза Самиголлаевна

13.10.2008  жылғы № 675 санды Жарлықпен Атырау қалалық сотының судьясы  болып сайланды.

Судья қызметіндегі өтілі 16 жылдан асады.   

 

 Жумалиева Сагима Килмановна           

01.11.2010  жылғы № 1089 санды Жарлықпен Махамбет аудандық сотының судьясы   болып сайланды.

Судья қызметіндегі өтілі 26 жылдан асады.   

 

Клименко Валентина Семеновна

01.11.2010  жылғы № 1089 санды Жарлықпен Атырау облыстық сотының судьясы  болып сайланды.

Судья қызметіндегі өтілі  26 жылдан асады.  

 

Дюсемалиева Айгуль Маулетовна 

01.11.2010  жылғы № 1089 санды Жарлықпен Атырау облыстық сотының судьясы  болып сайланды.

Судья қызметіндегі өтілі 16 жылдан асады.   

 

Кенжебаева Жаныл

02.07.2012 жылғы № 350 санды Жарлықпен Жылыой аудандық сотының судьясы  болып сайланды.

Судья қызметіндегі өтілі 20 жылдан асады.