Жаңалықтар

Белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауаптылық

26/04/2024

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-1-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, өзінің басқаруындағы көлік құралының шетелдік нөмірін белгіленген тәртіппен тіркемей басқарған.

Б.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен расталады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

26/04/2024

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 200-бабының 3-бөлігі бойынша «Е» жеке кәсіпкеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу).

Сотта анықталғандай, «Е» жеке кәсіпкері азық-түлік дүкенінде сатып алушыға алкоголь өнімін 23 сағат 00 минуттан кейiн бөлшек сауда арқылы өткiзген.

Жеке кәсіпкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауал қою хаттамасымен, басқа да іс материалдарымен толық дәлелденеді.

Алқабилер соты героин сатқандарды соттады

23/04/2024

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу әрекеттерін жасағаны үшін айыпталған 3 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтары).

Қылмыстық іс сотталушылардың өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралды.

Сотпен анықталғаны

Атырау облысының жаңадан тағайындалған судьялары таныстырылды

23/04/2024

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов судьялар корпусына облыстың жаңадан тағайындалған судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Азамат Гүлжан Ілиясқызы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымына, Қанатұлы Жандос Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы лауазымына, Оспаналиев Нұрзат Қанлыбайұлы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Көпбалалы отбасының мүдделері қорғалды

23/04/2024

Тұрғын үй комиссиясының (ТК) хаттамалық шешімі дауланды. Құқық қорғау органы мен оның қызметкері арасындағы дау.

Талап қоюшы құқық қорғау органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Отбасы құрамы 8 адамнан тұрады: жұбайы мен алты кәмелетке толмаған балалары.

2018 ж. талап қоюшы тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, ипотекаға пәтер сатып алды. 2023 ж. қазанда жауапкер талап қоюшыға тұрғын үй төлемдерін тоқтатты.

Негізі: жұбайының атында пәтердің болуы.

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап қоюды қанағаттандырды.

Сот қызметкерлеріне «Е-қызмет» жаңа ақпараттық жүйе жұмысы түсіндірілді

19/04/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі 2024 жылдан бастап жалпы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бірдей ақпараттық жүйе «Е-қызмет» жүйесіне көшті.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Гүлжан Джумагалиеваның басшылығымен персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімімен департамент және оның филиалдарының қызметкерлеріне ақпараттық жүйе бойынша түсіндірме сабақтары өткізілді.

Дау медиация тәртібімен реттелді

19/04/2024

Атырау облысының МАӘС-мен Атырау қаласы бойынша МКБ хабарламасын даулау туралы әкімшілік іс бойынша дау медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы «Н» ЖШС жауапкер Атырау қаласы бойынша салық басқармасының камералдық бақылау хабарламасын заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Пәтерді су басқаны үшін көршісі өтемақы төледі

17/04/2024

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ч.-ның жауапкер С.-ға жоғарғы қабатта тұратын көршісінің пәтерге су жіберуінің нәтижесінде келтірілген 509 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды және 120 000 теңге көлемінде өкілдің көмегіне төленген сот шығыстарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Жауапкердің кінәсі ПИК қызметкерлерімен жасақталған актімен расталады.

Көршісінің пәтерінен ыстық судың ағуы пәтерді су басуына себеп болған.

Кінәлі пәтердің иесі әлі күнге дейін ақшалай қаражаттың жетіспеушілігін айтып, судың ағып кетуін жою бойынша шаралар қабылдамаған.

Қоғамдық орында былапыт сөз айтқан азаматшаға айыппұл салынды

17/04/2024

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша А. Махамбет селосындағы дүкен жанында жәбірленуші И.-ға былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында азаматшаА. кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

Экономикалық соттағы семинар

17/04/2024

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің басшысы Н.Абулханов және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Н.Абулханов мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі сот қызметкерлерін олардың мәртебесі мен имиджіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндеттейтінін атап өтті.

Беттер