Сот қызметкерлеріне «Е-қызмет» жаңа ақпараттық жүйе жұмысы түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі 2024 жылдан бастап жалпы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бірдей ақпараттық жүйе «Е-қызмет» жүйесіне көшті.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы Гүлжан Джумагалиеваның басшылығымен персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімімен департамент және оның филиалдарының қызметкерлеріне ақпараттық жүйе бойынша түсіндірме сабақтары өткізілді.

2024 жылдың 28 ақпанынан бастап персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі аудандық және оған теңестірілген соттарға қызметтік іс-сапармен барып, ақпараттық жүйенің барлық мүмкіншіліктері туралы баяндалып, мемлекеттік қызметшілердің жылдық еңбек, жалақысы сақталмайтын, бала күтіміне байланысты демалыстары мен материалдық көмек, тоқсан сайынғы бағалау сияқты жұмыстар «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатындығы түсіндірілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі мамандарымен қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Бүгінгі күнде Департамент мамандары жаңа ақпараттық жүйені жұмыста қарқынды түрде пайдалануда.

 

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі