Соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу қағидалары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

жалпы отырысының

2019 жылғы «6» желтоқсандағы

 № 21 қаулысымен бекітілген

 

 

Соттардағыістердіавтоматтандырылған бөлу

қағидалары

 

1.Жалпы ережелер

 

1. Осы Соттардағы істерді автоматтандырылғанбөлудің қағидалары(бұдан әрі – Конституциялық Заң) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабы 1-тармағының 7-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі – АПК), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі – ҚПК), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) сәйкес әзірленді және соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу тәртібін айқындайды.

Соттардағы автоматтандырылғанбөлуге жататын істер деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, азаматтық және қылмыстық істер, сондай-ақ  соттарға келіп түскен талап қою арыздары, арыздар, материалдар, шағымдар, өтінішхаттар, наразылықтар, ұсынулар танылады.

2. Соттардағы істерді автоматтандырылғанбөлу Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі (бұдан әрі – СО ААТЖ) арқылы нақты істі қарауға жұмсалған уақыт, істің күрделілігі, көптомнан, көп эпизодтан тұратыны ескеріліп есептелген Судьялардың жүктеме нормативінің түзету коэффициенті қолданыла отырып, келіп түскен құжаттардыңхронологиясы, сот ісін жүргізудің мамандануы мен тілі бойынша жүзеге асырылады.

3. Қарау мерзімі 24 сағаттан аспайтын істерді қоспағанда, 3 сағаттан астам уақыт техникалық ақаулар туындаған жағдайда (электр жарығының болмауы, жабдықтың істен шығуы, компьютерлік бағдарламалардың іркілісі немесе СО ААТЖ жүйесінің жұмысына объективті кедергі келтіретін басқа да мән-жайлардың туындауы) істерді автоматтандырылмаған тәсілмен бөлуге жол беріледі.

Істерді автоматтандырылғанбөлуге кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған кезде, жауапты адам техникалық ақау туралы акт жасайды, ол сот төрағасының істерді автоматтандырылмаған бөлу туралыөкімдішығаруына негіз болып табылады.

Техникалық ақаулар туралы Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) дереу хабардар етіледі.

Актінің көшірмесі іс материалдарына қоса тіркеледі.

Істерді автоматтандырылған бөлу қызметіне кедергі келтірген мән-жайлар жойылғаннан кейін автоматтандырылған бөлінбеген істер туралы мәлімет сот төрағасының өкімімен бірге СО ААТЖ-ға келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей хронологиялық тәртіппен енгізіледі.

4.Жоғарғы Сотта істерді автоматтандырылған бөлуге жауапты адамдарды сот алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттарда (бұдан әрі – облыстық соттар) – облыстық сот төрағасы, аудандық және оларға теңестірілген соттарда (бұдан әрі – аудандық соттар) – аудандық сот төрағасы анықтайды. 

5. Қағидалар талаптарын сақтау жауапкершілігі аудандық, облыстық соттарда сот төрағасына, Жоғарғы Сотта – сот алқаларының төрағаларына жүктеледі.

6. Істердің автоматтандырылған бөлінуін техникалық қолдаумен дұрыс жұмыс істеуін уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

7.  Судьялар мен сот қызметкерлері істерді автоматтандырылғанбөлуге араласу фактілері туралы соттардағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықты алдын алуға жауапты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті.

8. Осы Қағидалардың талаптарын бұзу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеледі.

 

2. Соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу тәртібі

 

9. Соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу кезінде мынадай өлшемшарттар:

1) істердің, материалдардың санаты (судьяның мамандануы);

2) сот ісін жүргізу тілі;

3) істің күрделілігі ескеріледі.

Істерді автоматтандырылғанбөлу кезінде ескерілетін өлшемшарттар СО ААТЖ-нің алгоритмінде жазылған.

10. Істің күрделілігі Жоғарғы Соттың Төрағасы бекіткен Нормативтік жүктемелерге сәйкес айқындалады.

11. Сағат 17.00-ге дейін келіп түскен істерді сол күні, ал сағат 17.00-ден кейін келіп түскендерді келесі жұмыс күнінен кешіктірмей автоматтандырылғантәсілмен бөлу жүзеге асырылады.

12. Істердің автоматтандырылған бөлінуі, ҚПК-нің 55-бабында көзделген мәселелерді қарау өкілеттігіне кіретін судьяларды қоспағанда,штат саны төрт судьядан кем соттардамамандануаудандық сот төрағасыныңбекітіуінсіз жүзеге асырылады.

13.Судьяға істерді оның мамандануы жоқтығына байланысты бөлу мүмкін болмаған жағдайда, істерді бөлу соттың қалған барлық судьяларының арасында жүзеге асырылады.

14. Облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағаларына, аудандық соттардың төрағаларына (штат саны 4 судьядан кем соттарды қоспағанда) істеросы соттағы бір судьяға орташа жүктеменің кемінде отыз пайызы автоматтандырылған бөлінеді.

Аудандық соттардың төрағаларына істерді автоматтандырылған бөлу басқа судьялармен бірдей жүзеге асырылуы мүмкін.

Сот (сот алқасы) төрағасының міндетін атқарушы адамға істерді автоматтандырылғанбөлу сот (сот алқасы) төрағасына белгіленген норматив бойынша жүзеге асырылады.

Сот практикасына қорытулар жүргізуге, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысатын Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың судьялары үшін сот алқасы төрағасының келісімімен бөлінетін істердің санын отыз пайызға дейін азайтуға жол беріледі.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестірушілер  Жоғарғы Сот Төрағасы2018 жылғы 31 қазанда бекіткенБұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші туралы ережеге сәйкес істерді қарау бойынша сот жүктемесінен босатылады: Жоғарғы Сотта-5 %, облыстық және оларға теңестірілген соттарда-20 %.

15. Істердің автоматтандырылған бөліну ресімдеуі есеп нысанында жауапты тұлғамен жүзеге асырылады.

Есепте мынадай мәліметтер көрсетіледі: судьяның, процеске қатысушылардың (талапкер, жауапкер, сотталушы/сотталған, жәбірленуші, құқық бұзушы) тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), істің санаты, істің келіп түскен және бөлінген күні мен уақыты, сондай-ақ қоса беріліп отырған нысанға (1, 2, 3-қосымшалар)сәйкес басқа да өлшемшарттар көрсетілген есеп істерді автоматтандырылған бөлудің нәтижесі болып табылады.

Есеп уәкілетті орган бағдарламасында қалыптастырылғаннан кейін қағаз жеткізгіште басып шығарылады, оған жауапты тұлға қол қояды.

Есеп іс материалдарына қоса тігіледі.

16. Судья істерді автоматтандырылған бөлуді жүзеге асыруға арналған судьялардың тізімінен:

1) процестік заңның ережелерінде көзделген судьяның (сот құрамының) қайта қатысуына тыйым салу болған;

2) судьяның мемлекеттік құпияларға рұқсаты болмаған жағдайларда шығарылады. 

Қалған жағдайларда істерді автоматтандырылған бөлу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

17. Іс жүргізіп отырған немесе істі бұрын қараған судьяға істерді автоматтандырылғанбөлу:

1) қарсы айыптауларға, талап қоюларға және сот талқылауы жүргізіліп жатқан сот ісі бойынша даудың нысанасына қатысты дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші тұлғалардың талап қою арыздарына;

2) оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешімнің күшін жою туралы арыздарға;

3) сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздарға;

4) жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді қайта қарау туралы арыздарға;

5) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімнің күшін жою туралы арыздарға;

6) шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындағанға дейін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арыздарға;

7) шешімнің орындалуын бұру туралы арыздарға;

8) банкроттық рәсімге: оңалту рәсімі мен банкроттық рәсім шеңберінде туындайтын даулар бойынша, оның ішінде борышкер жасасқан мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы; борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талаптары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы істерге;

9) істі қараған сотқа сот актілерін орындауға байланысты процестік мәселелер бойынша берілген арыздар мен өтінішхаттарға; 

10) бір құқық бұзушыға не бір құқық бұзушылыққа қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге;

11) ӘҚБтК-нің 47-тарауы бойынша келіп түсетін арыздарға;

12) талаптарды ажырату немесе істерді жеке іс жүргізуге бөлу туралы қабылданған шешімге;

13) бұрын кемшіліктерді жою үшін қайтарылған, қараусыз қалдырылған, қабылдаудан бас тартылған қайта түскен арыздарға (істерге) қатысты іспен байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Тараптар сотты құрметтемегені үшін тартылған істер сол судьяларға автоматтандырылған бөлінеді.

18. Алдыңғы іспен байланыстыру мүмкін болмаған кезде немесе істі бұрын қараған судья болмаған жағдайда, істерді автоматтандырылған бөлу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

 

3. Соттардағы істерді автоматтандырылғанқайта бөлу тәртібі

 

19. Істерді бір судьяның жүргізуінен басқа судьяларға автоматтандырылғантәсілмен қайта бөлу «Е-кадрлар» кіші жүйесіндегі судьяның жеке карточкасына енгізілген мәліметтердің негізінде мынадай:

1) судьяның еңбекке уақытша қабілетсіздігі;

2) судьяның (оның ішінде Жоғары Сот Кеңесі тағайындауға/босатуға және т.б. ұсынған) өкілеттіктерін тоқтата тұруы;

3) демалысқа шығуы;

4) іссапары;

5) істі судьяның іс жүргізуіне қабылдағаннан кейін мемлекеттік құпияларға рұқсаты болмағаны туралы белгілі болған;

6) судьядан бас тарту туралы өтінішті қанағаттандыру;

7) судьяның өкілеттігін тоқтату;

8) судьяның Жоғарғы Соттың пилоттық жобаларына қатысуы;

9) судьяның мамандануының өзгеруінегіздермен жүзеге асырылады.

20. Іс жүргізуіне бөлінген істі судьяның объективті қарауына кедергі келтіретін мән-жайлар туындаған жағдайларда, істерді автоматтандырылғантәсілменқайта бөлу өзге негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Осындай мән-жайларға бірнеше судьялардың іс жүргізуіндегі бірнеше істерді біріктіру қажеттігі, судья-медиатордың медиативтік келісімді бекітуі үшін, судьяның іссапары туралы өкімді жою және өзгелер жатқызылуы мүмкін.

Өзге негіздер бойынша істерді автоматтандырылғантәсілменқайта бөлу сот төрағасының (алқа төрағасының) өкімі бойынша қабылданған шешімнің уәждерін көрсетіп, өкім шыққаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

Өкімнің көшірмесі іс материалдарына қоса тіркеледі.

21. Судья 7 жұмыс күнге дейінжұмыста болмаған жағдайда, ол болмаған кезеңде процестік қарау мерзімі аяқталатын істерді қоспағанда, істерді автоматтандырылғантәсілмен қайта бөлу жүзеге асырылмайды.

Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда процестік әрекеттер АПК-нің 35-бабының он бірінші бөлігіне сәйкес өзара алмасу тәртібімен жүзеге асырылады.

 

4. Судья болмаған кезеңде істерді

автоматтандырылған бөлуді тоқтата тұру

 

22. Судьяларға істерді автоматтандырылған бөлуді тоқтата тұру «Е-кадр» кіші жүйесіне енгізілген мәліметтерді есепке ала отырып, мынадай:

1) демалысқа шығу (еңбек, оқу, декреттік, жалақысы сақталмайтын және т.б.);

2) судьяның еңбекке уақытша қабілетсіздігі;

3) іссапар;

4) судьяның (оның ішінде Жоғары Сот Кеңесі тағайындауға/босатуға және т.б. ұсынғандар) өкілеттігін тоқтата тұруы негіздері бойынша жүзеге асырылады.

23. Судья еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты болмаған жағдайда, істерді автоматтандырылған бөлу еңбекке уақытша қабілетсіздік  парағы ашылғандығы туралы судья хабардар еткен сәттен бастап тоқтатыла тұрады, оны ұсынған кезде кадр қызметінің жауапты қызметкері «Е-кадрлар» кіші жүйесіндегі судьяның жеке карточкасына салады.        

24. Штат саны төрт судьядан кем бірінші сатыдағы соттардағы істерді автоматтандырылған бөлу демалыстың ұзақтығына қарай:

1) 3 күннен 7 күнге дейін бес жұмыс күні бұрын;

2) 8 күннен 24 күнге дейін он жұмыс күні бұрын;

3) 25 күннен 30 күнге дейін он бес жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

25. Бірінші сатыдағы қалған соттардағы істерді автоматтандырылған бөлудемалыстың ұзақтығына қарай:

1) 3 күннен 7 күнге дейін бес жұмыс күні бұрын;

2) 8 күннен 14 күнге дейін он жұмыс күні бұрын;

3) 15 күннен 24 күнге дейін жиырма жұмыс күні бұрын;

4) 25 күннен 30 күнге дейін жиырма екі жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

26. Мамандандырылған әкімшілік, тергеу соттарында істерді автоматтандырылған бөлу демалыстың ұзақтығына қарай:

1) 2 күннен 7 күнге дейін үш жұмыс күні бұрын;

2) 8 күннен 30 күнге дейін он бес жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

27. Сот бұйрығының күшін жою, сырттай шешімнің күшін жою туралы, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шығарылған сырттай шешімнің күшін жою,шешімнің орындалуын кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту, шешімді орындағанға дейін орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы арыздар және мерзімдері 15 жұмыс күнінен аспайтын басқа да арыздардыңбөлінуі судья демалысқа шыққанға дейін 15 күн бұрын тоқтатыла тұрады.

28. Қарау мерзімі 24 сағаттан аспайтын істер бойынша судьяның демалысқа шығу күніне дейін істерді автоматтандырылған бөлу тоқтатылмайды.

Сот орындаушыларының атқарушылық әрекеттерді санкциялау туралы қаулыларын автоматтандырылған бөлу судьяның болмаған күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

29. Апелляциялық сатыда істерді автоматтандырылған бөлу демалыстың ұзақтығына қарай: 

1) 3 күннен 7 күнге дейін бес жұмыс күні бұрын;

2) 8 күннен 14 күнге дейін он жұмыс күнібұрын;

3) 15 күннен 24 күнге дейін жиырма жұмыс күнібұрын;

4) 25күннен 30 күнге дейін жиырма екі жұмыс күні бұрынтоқтатыла тұрады («Сот демалысы» жобасы бойынша пилоттық соттар үшін бұғаттауды алып тастау).

30. Тергеу судьяларының санкциялау туралы қаулыларын қайта қарайтын апелляциялық сатыдағы судьялар үшін істердіавтоматтандырылған бөлу олар демалысқа шыққанға дейін үш жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

31. Апелляциялық сатыдағыазаматтық істер жөніндегі судьяларға, судья-баяндамашы болмаған жағдайда,алқалық құрамдағы судьялардың біріне жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қаулыны қайта қарау туралы арыздарбойынша дабөлінеді.

32. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасында істерді автоматтандырылған бөлу демалыстың ұзақтығына қарай:

1) 2 күннен 4 күнге дейін үш жұмыс күні бұрын;

2) 4 күннен 7 күнге дейін төрт жұмыс күні бұрын;

3) 8 күннен 14 күнге дейін бес жұмыс күні бұрын;

4) 15 күннен 24 күнге дейін он екі жұмыс күні бұрын;

5) 25 күннен 30 күнге дейін он жеті жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

33. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында істерді автоматтандырылған бөлу демалыстың ұзақтығына қарай:

1) 2 күннен 4 күнге дейін үш жұмыс күні бұрын;

2) 4 күннен 7 күнге дейін төрт жұмыс күні бұрын;

3) 8 күннен 14 күнге дейін бес жұмыс күні бұрын;

4) 15 күннен 24 күнге дейін он екі жұмыс күні бұрын;

5) 25 күннен 30 күнге дейін жиырма екі жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

34. Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасында істерді автоматтандырылғанбөлу:

1) азаматтық істер бойынша бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша қаралуы тиіс;

2) азаматтық істер бойынша апелляциялық сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойыншақаралуы тиіс;

3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін қайта қарау жөнінде ұсыныс енгізу туралы өтінішхат бойынша, Жоғарғы Сот Төрағасының және Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, Бас Прокурордың және оның орынбасарларының наразылықтары бойынша демалыстың ұзақтығына қарай:

1) 2күннен 4 күнге дейін үш жұмыс күні бұрын;

2) 4күннен 7 күнге дейін төрт жұмыс күні бұрын;

3) 8күннен 14 күнге дейін бес жұмыс күні бұрын;

4) 15 күннен 24 күнге дейін он жұмыс күні бұрын;

5) 25 күннен 30 күнге дейін он бес жұмыс күні бұрын тоқтатыла тұрады.

35. Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасында істерді автоматтандырылған бөлу:

1) бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша;

2) апелляциялық сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша;

3) кассациялық тәртіппен әкімшілік істер бойынша ұсыну енгізу туралы өтінішхаттар, наразылықтар мен ұсынулар бойынша жүктеменіжекеескере отырып жүргізіледі.