Архив событий

17/04/2024

Пәтерді су басқаны үшін көршісі өтемақы төледі

17/04/2024

Атырау қалалық сотында талап қоюшы Ч.-ның жауапкер С.-ға жоғарғы қабатта тұратын көршісінің пәтерге су жіберуінің нәтижесінде келтірілген 509 000 теңге көлеміндегі материалдық залалды және 120 000 теңге көлемінде өкілдің көмегіне төленген сот шығыстарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Жауапкердің кінәсі ПИК қызметкерлерімен жасақталған актімен расталады.

Көршісінің пәтерінен ыстық судың ағуы пәтерді су басуына себеп болған.

Кінәлі пәтердің иесі әлі күнге дейін ақшалай қаражаттың жетіспеушілігін айтып, судың ағып кетуін жою бойынша шаралар қабылдамаған.

Қоғамдық орында былапыт сөз айтқан азаматшаға айыппұл салынды

17/04/2024

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша А. Махамбет селосындағы дүкен жанында жәбірленуші И.-ға былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында азаматшаА. кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

Экономикалық соттағы семинар

17/04/2024

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің басшысы Н.Абулханов және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Н.Абулханов мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі сот қызметкерлерін олардың мәртебесі мен имиджіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндеттейтінін атап өтті.