Экономикалық соттағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің басшысы Н.Абулханов және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Н.Абулханов мемлекеттік қызметшінің кәсіби әдебі сот қызметкерлерін олардың мәртебесі мен имиджіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге міндеттейтінін атап өтті.

Әр сот қызметкері күнделікті өмірде, сондай-ақ жұмыс уақытынан тыс уақытта жоғары мәдениеттің үлгісін көрсете отырып, өзінің қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындауы тиіс екенін түсіндірді.

 

 

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты