Архив событий

08/04/2024

Ұстазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

08/04/2024

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық әрекетін жасаған.

Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы - Б. ұлының айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген қылығы үшін кешірім сұрады.

Жол-көлік оқиғаларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар

08/04/2024

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Самал Абугалиева «Caspian News» телеарнасындағы «Заңға сай» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Жол-көлік оқиғалары: әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында сұхбат берді.

Тікелей эфир барысында судья көлік жүргізушілері Жол жүрісі Қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 30-тарауы бойынша «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» бойынша жауаптылыққа тартылатындығын айтты.

Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

08/04/2024

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Е. дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, тиісті органдарға хабарлама жібермей, заңсыз жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.

Сотта Е. кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Сот Е.-нің отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып, оған қысқартылған тәртіппен 38 766 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.