Қоғамдық орында былапыт сөз айтқан азаматшаға айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша А. Махамбет селосындағы дүкен жанында жәбірленуші И.-ға былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында азаматшаА. кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

Сот А.-ның асырауында кәмелетке толмаған балалары барын және жәбірленушінің талабы жоғын ескере отырып, оған қысқартылған тәртіппен 51 688 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

(Сурет ғаламтордан алынды).

 

 

 

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық соты